7.07.2022, 18:00
Оқылды: 49

Медиаторлармен кездесті

Бүгін Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің төрағалығымен, аудандық соттың төрағасы Ботагөз Баймұханованың қатысуымен сырымдық кәсіби емес медиаторларымен кездесу өтті.

InShot_20220707_174514989

Медиация желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұр­ғын үй, еңбек, отбасылық жә­не көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешу жолдары айтылды.

Жиын соңында медиаторларға арнайы қызметтік куәлік тапсырылды. Аудан бойынша 8 кәсіби емес, 1 кәсіби медиатор бар.

А.Амангелдина,
Суреттерді түсірген: А.Өтеғалиева,

Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале