26.07.2022, 17:30
Оқылды: 44

Гигиена бұйымдары қымбаттай ма? Бақыт Сұлтанов жауап берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов гигиена бұйымдарының бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220726142510631e (1)

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист министрден: «Кей сарапшылар Қазақстанда тұрмыстық химия мен гигиена бұйымдарының қымбаттап, жетістпейтінін айтып отыр. Осындай тапшылыққа тап келіп отырмыз ба? Оның алдын алу үшін не істеліп жатыр?», - деп сұрады.

«Сіз айтып отырған сараптама зерттеулері түрлі сипатта болуы мүмкін. Жалпы айтсақ, қазіргі таңда логистика өзгеріп жатыр. Мұның тек азық-түлік тауарына ғана емес, тұтыну тауарына да қатысы бар. Бірақ гигена бұйымдарына байланысты қандай да бір проблема көріп тұрған жоқпыз», - деді Бақыт Сұлтанов БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, аталған тауардың негізгі бөлігі сырттан алынатындықтан, теңгерім сақтау дейтін мәселе жоқ көрінеді.

«Мысалы, қантқа қатысты жағдайда бізге өзіміздің өндірушілердің ұсынысы мен импорттың арасында теңгерім сақтау керек еді. Ал гигиена заттары негізінен сырттан әкелінеді. Ол каналдарды ерте бастан қайта қарадық, жеткізу географиясы өзгеріп үлгерген. Бұл жерде біз тапшылыққа әкелетіндей қандай да бір проблема көріп отырған жоқпыз»,- деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қантты қаншалықты жиі қолданатынын айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале