Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды, - делінген хабарламада.
Жаңадан тағайындалған прокурорлар:
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.
Сондай-ақ, бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды.