31.08.2022, 9:00
Оқылды: 43

Пәкістанда су тасқынынан 33 миллионға жуық адам зардап шекті

Пәкістанның миллиондаған тұрғындары қатты су тасқынынан зардап шекті, мыңнан астам адам көз жұмды. Ғимараттар, көпірлер мен жолдар қирады. БҰҰ пәкістандықтарға гуманитарлық көмек көрсету жоспарын жариялады. Оны жүзеге асыру үшін 160 млн доллар қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

220831082129826e

«Пәкістанда болған «соңғы онжылдықтағы ең үлкен су тасқыны» салдарынан шамамен 33 миллион адам зардап шекті деген болжам бар. Елге нөсер жаңбыр жауған кезде, яғни маусым айының ортасынан бастап апат мыңнан астам адамның, негізінен балалардың өмірін қиды», - деді Женевада өткен брифингіде БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Йенс Лаерке.

«Пәкістан азап шегуде», – деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы елге арнаған бейнеүндеуінде. Ол ел тұрғындары бұрын-соңды болмаған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шегіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Пәкістандағы су тасқыны салдарынан шамамен 500 мың адам үйлерін тастап кетті, олардың көпшілігі уақытша лагерьлерден пана тапты. Су тасқыны миллионға жуық тұрғын үйлерді қиратып, зақымдаған. 700 мың бас мал жоғалып кеткен.

Гуманитарлық жағдай көлік инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді. Алдын ала болжам бойынша, 3500 шақырымға жуық жол мен 150 көпір бүлінген.

Фото: news.un.org

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале