9.09.2022, 16:00
Оқылды: 40

Қазақстанда төлқұжат бағасы төмендемек

Қазақстанда алдағы уақытта төлқұжат алу құны арзандауы мүмкін. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасында көрсетілгендей, төлқұжат жасату үшін төленетін баж салығы 4 айлық есептік көрсеткіште азайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Учет Законодательство” сайтына сілтеме жасап.

22

Заң жобасындағы өзгерістерге сәйкес, алдағы уақытта 16 жасқа толмағандар үшін 22 беттік төлқұжат жасату 4 АЕК мөлшерінде болады. Ал 36 беттік 8 АЕК, 48 беттік төлқұжатты 12 АЕК-ке жасату мүмкін болмақ.

Қазір төлқұжат жасату үшін мемлекетке төленетін баж салығы бірыңғай 8 АЕК.

Жеке куәлікті жасату үшін төленетін баж салығының мөлшері келесідей:

Қазақстан азаматтары үшін 0,2 АЕК;

Шетел азаматтары үшін 8 АЕК.

Ал жеке куәлікті екі рет жоғалтып алса, қайта жасату үшін 0,2 АЕК төлейді. Бір жылда екі реттен көп жоғалтқан жағдайда баж салығы 1 АЕК (3 063 теңге) болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале