12.09.2022, 17:00
Оқылды: 17

Балалар ауылының тәрбиеленушілері дін аман табылды

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Зашаған Пб учаскелік инспекторлары сағат 14:00 шамасында "Меловые горки" ауданында орналасқан "Комарово" саяжай қоғамының қараусыз қалған үйінен кәмелетке толмаған 2007 ж.т. М.В.Федулеф, 2013 ж. т. Харченко Н. А. аман-есен табылды.

511a5bac36fd4cc081472822d5e6d271

Іздестіру іс-шараларына БҚО ПД барлық жеке құрамы, еріктілер мен жанашыр еріктілер жұмылдырылды. Іздеу екі күн бойы жүргізілді.

Жасөспірімдер қашу себебі зеріккеннен болғандықтарын түсіндірді.

Олардың табылған жері бойынша ұрланған заттар табылып, тәркіленді.

Дәрігерлер қарағаннан кейін балалар Балалар ауылына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында дене жарақаттары анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Ұрлықтың анықталған фактілері бойынша 188-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (ұрлық).

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале