5.10.2022, 9:00
Оқылды: 66

Қазақстанда баспананы жалға беретін компаниялар құрылуы мүмкін

Қазақстанда баспананы жалға беретін жылжымайтын мүлік қорларын құру ұсынысы жасалды. Бұл компаниялардың акцияларын алғандарға дивидент түрінде төлем аударылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211222192144729e
Жеке сектордағы жалға берілетін баспана нарығы тиісті түрде реттелмей жатқанына тоқталған ол: «бұл қызметті әкімшілік түрде реттеу қадамдарына қарсымын. Осы орайда өзіміздің ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Яғни жалға берілетін баспананың жеке нарығын құрып, бұл салаға инвестиция тартылып, жалға беруден тұрақты табыс алу жоспарланған. Бұл тұрғыда бизнеспен айналыспайтын мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтер аталған компанияның акциясын сатып алу құқығына ие болуын ұсынып отырмыз. Осы кәсіпорын жылжымайтын мүлікке қаражат салып, баспананы жалға беруден төлем алып, ай сайын немесе әр тоқсанда адамдардың табысын қамтамасыз етуі тиіс», - деді.

Атап айтқанда, адамдар осындай компанияларға ақша салса, бұл қаражат жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде бағытталады. Баспана жалға берілетін жеке қорға қаражат салғандар тиісті сомада табыс алып тұрады.

«Осындай экономикалық жолмен саладағы мәселені шешкіміз келеді. Бұл тұрғыда тиісті өзгерістерді әзірлеп жатырмыз. Жеке жалға берілетін баспана қорларын құру туралы осы қадамдар идея түрінде ұсынылып отыр. Дәл қазір біз айтқандай жүзеге асады деп айту ертерек, себебі бұл идеяны әріптестеріміз қолдамауы мүмкін. Жоба аясында нормативтік-құқықтық құжаттар даярланып жатыр. Бұл ұсыныстар Мәжілістің қарауына енгізілуі керек», - деді ведомство басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале