28.10.2022, 12:00
Оқылды: 54

Тасқаладағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мерейтойын тойлады

Жуырда Тасқала ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 30 жылдығына арналған шара өтті. Аудандағы бұл әлеуметтік орталық 1990  жылдардың басында еліміз тәуелсіздік алған тұста заман қажеттілігіне орай ашылған. Міне, содан бері қаншама жанға пана болып, қаншама жанға жылу сыйлады? Айтулы шараға аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдә Искакова, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков, ауылдық округі ардагері, өлкетанушы Ғалым Хисаметденов және әлеуметтік саланың ардагерлері қатысты.

1,

Мекеме ұжымы қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Ганмирлан Тұрғаналиев шараның мақсат-маңызы туралы өз сөзінде айтып өтті.

«Қайырымдылық айының аясында мекемеде қызмет істеген, зейнетке шыққан жандарды ардақтап, құрметтеуіміз керек. Қарапайым форматта өткізуге ұйғардық. Қазіргі кезде бұл мекеме 32,5 штаттық бірліктен тұрады. 30 қызмет алушыға арналған оңалту іс-шарасы жүргізіледі. Ғимарат 1964 салынған. 2006 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда 30 қызмет алушыға арналған мекемеде 27 адам тұрып жатыр. Оның 4-уі мүгедек, 23-і қария. Ұлттық құрамнан 18 қазақ, 6 орыс, 1 татар, 2  украин бар. Біздің мекеме жеті бағытта қызмет көрсетеді. Барлық жағдайлар жасалған. Алты мезгіл тамақтандыру ұйымдастырылады. Әрбір қызмет алушыға барлық қызмет көрсету түрлері көрсетіледі. Сондай-ақ бау-бақша егумен, әртүрлі қолөнер түрлерімен айналысады. Арасында отбасын құрғандар да бар», - деді орталық басшысы.

2

«Мерейтойларыңыз құтты болсын! Тарихы қалай қаланғаны жөнінде жақсы әңгімелер айтылды. Мен осы салада көп жылдар бойы қызмет жасап келемін. Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы үй жағдайына жақын, ұжымдық қызмет жасап жатқан қызмет алушыларымызға сапалы қызмет көрсетіп жатқан мекемелердің бірі. Аудан әкімдігіне де өз алғысымды айтамын. Айтулы мейраммен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілеймін. Қуанышты сәттеріңіз көп болсын», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдә Салауатқызы.

«Құрметті жиынға қатысушылар, ардагерлер, бүгінгі мерейтой құтты болсын! Бүгін 30 жылдағы жетістіктер туралы жақсы деректер айтылуда. Осы жылдар ішінде көптеген өзгерістер болды. Бұл ұжымның қызметкерлеріне алғысымызды айтқымыз келеді. Осы қарттар үйінің белсенді жұмыс істеуіне зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Зейнетке шыққан аға-апаларымызға да мың алғыс. Қазан айы қайырымдылыққа, мейірімділікке толы ай. Осы айда ардагерлерімізге құрмет көрсетіледі. Жақсы күндеріңіз көп болсын», - деді аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов.

3

Аудан әкімі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысына алғысхат пен сыйлық табыс етті. Шарада қарияларға келген қонақтар жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өткен шақты еске түсіріп, әңгіме-дүкен құрған қариялар әсем әуендерін шырқап, бір жасап қалды.

 Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале