Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жұмыс сапарында Аралтөбе ауылдық округіндегі жаңадан бой көтеріп жатқан тігін цехының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аталмыш тігін цехын ашуды қолға алған аралтөбелік “Профтекст” ЖШС-нің директоры Ерлан Жантуриев. Жоба құны 30 млн теңгедей.
Арнайы киімдер тігуді мақсат тұтып отырған цех келер жылы жұмысын бастауды көздеп отыр. Тапсырыспен арнайы киімдер тігіп, одан бөлек бастапқыда 10 шақты ауылдың тұрғынын жұмыспен қамтымақ.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz