19.11.2022, 21:42
Оқылды: 54

“Ақжайық әнім” ән кеші

Сырым аудандық мәдениет үйінде “Ерен еңбегі” үшін медалінің иегері, елге белгілі әнші Еркін Өтегеновтің “Ақжайығым мекенім” атты шығармашылық кеші өтті.

image-19-11-22-08-00-5

Зал әсем ән мен тәтті күйге шөлдеген сырымдықтарға лық толы болды.

image-19-11-22-08-00-3

“Әннің де естісі бар, есері бар” демекші, бұл кеште жергілікті ақын-сазгерлер Ескендір Хасанғалиев, Дариға Мұштанова, Мұнайдар Балмолда, Ербол Ақбасов, Айнабек Бисенғалиев, Жаскелең Ғайсағалиевтің, өзге де авторлардың сөзіне жазылған “Әке”, “Қариялар”, “ Жұмбақсың” әндері көрермен жүрегінен орын алды.

image-19-11-22-08-00-1

Әдемі кеште Еркін Өтегеновтің әндерімен қатар “Қазақстан дауысы” тележобасының жеңімпазы, қаратөбелік Айзат Айдосұлы мен халықаралық конкурстардың лауреаты, жас әнші, жерлесіміз Әлинұр Хамзин де кеш көркін қыздырып, өзге тілдерде ән шырқады.

image-19-11-22-08-00-2

“Жігітке жеті өнер де аз” деп дана халқымыз текке айтпаса керек, халықаралық конкурстардың лауреаты, мультиаспапшы Аслан Ғұмаров әп сәтте қазақтың домбырасынан бастап түрлі аспапта асқан шеберлікпен Нұрғиса Тілендиевтің “Аққу”-ын, төл туындысы “Әр қазақ жалғызым” деп тыңдармандарын тәнті етті.

image-19-11-22-08-00

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қонақтарға “қош келдіңіз!” айтып, әуезді ән тыңдап, бір серпіліп қалған сырымдықтар атынан алғыс білдірді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы​

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале