Көршілерінің сөзінше, марқұм мен оның жұбайы наубайханада жұмыс істеген екен.
"Қарапайым отбасы. Балалары, күйеуі мен әйелі. Оларда кімнің жұмыс істегенін білмеймін, көлікпен жүретін. Әрине, төбемнен жай түскендей болды", – дейді көршісі Елизваета Музыка.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға орын алғанын бірінші көршісі байқаған. Терезедегі баланың қозғалмай тұрған көлеңкесі назар аударыпты. Оқиға орнына келген полиция терезені сындырып, пәтерге кірген. Осы кезде асылып тұрған 8, 4 жастағы және 10 айлық баланы көрген. Ал жандарында әкелері де асылып тұрған.
Отбасыда жанжал болуы мүмкін деген күдік мессенджердегі аудиожазбадан соң туындаған. Мұнда ер адам жұбайына өлетінін және балаларын да бірге ала кететінін айтыпты.
Еске салайық, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында ер адам үш баласын асып өлтіріп, кейін өзіне қол салғаны туралы хабарлаған едік. Оқиға туралы ақпарат полицияға 11 желтоқсанда келіп түскен.