23.12.2022, 9:00
Оқылды: 51

Wildberries Қазақстанға келу үшін 30 жыл салықтан босатуды талап еткен, ал IKEA ойланып отыр

Wildberries Қазақстанға келу үшін 30 жыл салықтан босатуды талап еткен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

«Мәселен, Wildberries компаниясымен бірнеше жыл бойы әртүрлі деңгейде келіссөз жүргізіп келеміз. Олар түрлі пікір айтады. Бірақ, мен сіздерге мынаны айтайын, алғашқы келіссөзде-ақ Wildberries 30 жыл салықтан босатуды, сонымен қатар қойма салуға көмектесуді талап етті. Әрине, біз мұндай шартқа бармадық. Оларға ортақ шартпен жұмыс істеу керектігін айтып келеміз. Отандық компанияларға мұндай жағдай жасамай неге шетелдік компанияға тегін қойма салып беріп, 30 жыл салықтан босатуымыз керек?», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, IKEA компаниясы да бірнеше рет Қазақстан нарығын зерделеп көрген.

«Алаң да, басқасын да ұсындық. Әзірше, компания ойланып отыр. Өйткені, Ресейдегі активін тастап кету тиімсіз. Олар Ресейде өте көп актив сатып алды, қаржы салды. IKEA әзірше Ресейден толық кеткен жоқ. Бізге сол жақтан жеткізіліп жатыр», - деді Алмас Айдаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале