26.12.2022, 11:00
Оқылды: 53

Тәжірибе алмасты

Өткен аптада Бауыржан Момышұлы атындағы №46 орта мектепте «Табысты мектеп  акселераторы» атты форум өтті. Форумға қала әкімі Миржан Сатқанов, «Ұлттық  ұстаз» онлайн академиясының жетекшісі Гүлмира Қорғанбаева, Татарстан республикасы Арск қаласындағы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

акс

Шәкірттерге тек сапалы білім беріп қоймай, қазіргі күндегі және болашақта сұранысқа ие мамандықтардың алғашқы дағдыларын үйрету – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Орал қаласы бойынша 33 мектеп, 45 мектепке дейінгі ұйым және 7 қосымша білім беру ұйымы «Басқарудың жаңа моделі» курсынан өтіп, оралдық 910 мұғалім «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясында осы бағыт бойынша біліктілігін арттырған.

– Академияда оқу барысында әрбір мектеп басшысы ұжыммен ақылдасып, өз мектебін зерттеп өз моделін  табуға тырысты. Қазіргі күні көптеген мектеп басшылары өз мектептерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында арнайы даму стратегияларын құрастырып, мектепте түрлі жобалар жасауда. Олар жобаларды іске асыру мақсатында көптеген мүдделі тараптарды серіктестікке тартуда. Тың жоба аясында өңір мектептері дамудың жаңа моделін жасақтап, заманға сай өмірге икемді тұлға қалыптастыру бағытында жұмыстануда, – деп атап өтті қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова.

акс2

Қаламыздағы білім беру ұйымының командалары Астана, Алматы қалаларында және Ресейдің Қазан қаласындағы алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің тәжірибелерімен танысқан. Олар білім беру тәжірибесін өзгерте алған көшбасшы мектептердегі  жаңа инновациялық бағыттар мен озық технологиялардың іс-тәжірибеде қолданылып жүргеніне көз жеткізген.

– XXI ғасырда сыни тұрғысынан ойлау, креативті ойлау өте маңызды. Заманауи мектептерге STEEM зертханалары мен коворкингтер керек. Біз орта білім беретін білім ошақтары мен мектепке дейінгі мекемелердің жаңа ауторлық курсты дайындағанын көрдік. Осы бағдарламаның арқасында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы өзгереді, – дейді Гүлмира Қорғанбаева.

Жоба аясында оралдық мұғалімдер Татарстаннан келген әріптестерімен тәжірибе алмасты. Екі күндік форум нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале