25.01.2023, 11:16
Оқылды: 33

Филиппиндегі су тасқынынан келген шығын $23 млн асты

Филиппинде су тасқынынан ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымға келген шығын 1,28 млрд песодан ($23,5 млн) асты. Мұндай деректер Қауіпті ескерту және табиғат апаттарын жою бойынша ұлттық кеңестің сәрсенбі күнгі есебінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

IMG-20230125-WA0012

12 қаңтардан бастап жүргізіліп жатқан мекеме есебі бойынша, 316 эвакуация орталығына 116,6 мың адам жеткізілді. Кем дегенде 39 адам қаза тауып, 14,3 мың адам үйлерін алдын ала тастап кеткен, 12 азамат түрлі жарақат алды. 5 адам із-түзсіз жоғалған. Республиканың 14 өңірінде су тасқыны мен көшкін сынды 1,38 мың оқиға тіркелді.
Апат салдарынан 1,78 үй бүлінді, шығын көлемі 3,72 млн песоға ($68,4 мың) жетті. 215 инфрақұрылым объектісіне келген шығын 430,4 млн песо ($7,86 млн), ауыл шаруашылығына - 858,6 млн песо ($15,6 млн) деп бағаланып отыр. Су тасқыны 307 жол мен 65 көпірге залал келтірді, 35 теңіз портының жұмысы кедергіге ұшырады.
622 қала мен 151 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақ пен мекемелердегі жұмыс тоқтады. 85 елді мекенде апат режимі енгізілген. Үкімет көмек көрсетуге 102,1 млн песо ($1,86 млн) қаржы бөлді.

Фото: ru.oxu.az

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале