7.04.2023, 10:31
Оқылды: 29

МСМ: Шетелдік туристер көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған. Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

a26c697177c12aa3ed9636b8a8bea1ee_1280x720

Сондай-ақ, еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді.

2022 жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды.

Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

«Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу  бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале