13.04.2023, 17:44
Оқылды: 50

Бірқатар ауылға қазақша атау берілуі мүмкін

Бірқатар ауылға қазақша атау беру ұсынылды. Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

jaiyq-10

Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы қаулыға сәйкес, Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы Атамекен ауылы деп аталмақ.

Ал Осакаров ауданының мына ауылдық округтері мен ауылдарына жаңа атау беру ұсынылған:

- Звездный ауылдық округі - Жұлдыз ауылдық округі;

- Тельман ауылдық округі - Нияз ауылдық округі;

- Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы - Жұлдыз ауылы;

- Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы - Қайыңды ауылы;

- Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы - Қаратомар ауылы;

- Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы - Қаракөл ауылы;

- Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы - Жаңатоған ауылы.

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Айта кетейік, бұл қаулы жобасы 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бірқатар өңір атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірген болатын. Ол Батыс Қазақстан облысы Ақжайық облысы болып аталса, Шығыс Қазақстан облысы Алтай облысы болып аталса, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар облысы, Павлодар облысы Баянауыл болып аталса деген мәлімдеме жасаған еді.

Ж. Қадыржанова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале