Жаңақала ауданында тұрғындар тасаттыққа құрбан шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқыды.
Салтты жоғалтпаған Халықтар достығы көшесінің тұрғындары садақа беріп, табиғат аясында қой сойып, құран оқытты.
Оразада ауыл тұрғындары мал сойып мұқтаж жандарға таратты.
"Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы", - деген қазақ халқы мал, жанның амандығы үшін осындай ырымдарды атадан бабаға мұра ретінде қалдырып отырған.
Ауыл тұрғындарының сауапты ісі қабыл болсын!
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы