6.05.2023, 14:08
Оқылды: 56

Шыңғырлау ауданының әкімі көктемгі егіс науқанымен танысты

Шыңғырлау ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Мұрат Өмірәлиев егіс алқаптарын аралады. Көктемгі егіс науқанының барысымен танысып, жұмыстарды бағамдап,  диқаншылармен тілдесті.  Сондай-ақ өзіне жете таныс бұл саланың қыр-сырларын тереңдете айтып, шаруашылық жетекшілерімен, мамандармен пікірлесті.  

IMG-20230506-WA0023

Аудан  әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, аудандық кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы  Рүстем Еслямов және шаруашылықтың басшылары Мирболат Тасмағамбетов («Жарас» шаруа қожалығы), Әлібек Талдыбаев («Жаңа жер» ш/қ), сондай-ақ «Амангелді-Агро» ЖШС   жетекшісі  Алдаберген Нұғманов далалықтарды бірге аралап, аудан басшысына егіннің жағдайын, өнім өндіру процесін, егістіктің ерекшеліктері мен агротехникалық жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  Егістікті аралаған топ, сондай-ақ «Амангелді-Агро» ЖСШ-нің іс-тәжірибелік  жұмыстармен танысты.  Айта кету жөн, топпен бірге аудандық мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев, Ащысай ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Айсиев  те бірге жүрді.

IMG-20230506-WA0019
Диқаншылардың  айтуынша, биылғы болжамға сай, егін бітік шықпақ. Жаңадан тебіндеп, топырақты жарып шыққан қарабидайдың өскіні де,  танапқа жақында ғана  себілген жаздық бидайдың жағдайы да көңіл көншітерлік.  Күздік бидай едәуір бой көтеріп, танаптың сәнін келтіріп жайқалып тұрса, ал келер жылдың егініне дайындалып жыртылған қара жер біркелкілігімен ерекше көрінеді екен.  Ал алқапты аралатып, егін туралы баяндап берген бас агроном Ерболат Сұлтанғалиев  ауа-райының қолайлы екендігін  және топырақтың ылғалдылығы  биылғы  егіннің мол болуына  себеп болатынына сендірді.

IMG-20230506-WA0006

Ғалым-агроном А.Нұғыманов Шыңғырлау жерінің дәнді және майлы дақылдар егіп жоғары көрсеткішпен өнім алуға қолайлылығын, әйтсе де ауыл тұрғындары атына айтар талап-тілегі бар екендігін де жеткізді. Диқаншының еңбегі ұшан-теңіз.Таң атқаннан қара кешке дейін дала төсінде еңбек етеді. Егіннің енді жайқалып шыққанда, қараусыз мал бір күнде, бір сәтте алқапты отап өте шығады. Осы мәселеге назар аударуды өтінді. Тәжірибелік алқапта  қара бидай, жаздық бидай және софлор өнімі жақсы шығады. Ғалым-агроном тыңайтықыш және тыңайтқыш себетін техникалар, жұмыс қарқыны туралы  түсіндірді. Айта кету жөн, «Амангелді-Агро» ЖШС - нің биылғы жылы далалық жұмыстарына екі студент қатысып, өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүр.

IMG-20230506-WA0004

IMG-20230506-WA0021

А. Муса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале