Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Бекбауов үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатының кезекті ширек финалшысы атанды. Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» (Странджа кубогында) күміс медаль жеңіп алды.