15.05.2023, 0:59
Оқылды: 34

Орал қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді

БҚО ПД бастығы полиция полковнигі А. Оразалиевтің жедел жағдайды сауықтыру жөніндегі нұсқауын орындау мақсатында 2023 жылғы 13-14 мамырға қараған түні Орал қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұл жөнінде БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

1579015082491806

Суреттің дереккөзі: rgmedia.kz
Оған барлығы 87 қызметкер, сондай-ақ 7 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Іс-шаралар барысында ауыр қылмыс жасады деген екі күдікті тексерілді, оларға қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қаланың шағын аудандарында Орал қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан көлік құралдарын ұрлауды ашу бойынша 12 топ жұмылдырылды. Көшедегі қылмыстарды болдырмау мақсатында аса криминогенді ойын-сауық мекемелерінің жанында жаяу патрульдеу ұйымдастырылды. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 12 мамыр күні “Балалар ауылынан” хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 2007 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. Полиция қызметкерлерінің ізін суытпай автокөліктен ұрланған 100 мың теңгеден астам ақша қаражаты фактісі ашылды.
Патрульдеу барысында 32 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз болуының 15 фактісі анықталды, 12 компьютерлік клуб тексерілді, кәмелетке толмағанның клубта болуының 1 фактісі анықталды, техника құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың басқаруының 2 фактісі анықталды. Көшелер мен қоғамдық орындардан уақытша бейімдеу орталығына 24 азамат мас күйінде жеткізілді, оның ішінде 11 адам орналастырылды. Сондай-ақ, Орал қ. ПБ қабылдау-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ үш адам орналастырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале