12.06.2023, 12:45
Оқылды: 46

Жаңа министр Абай облысындағы өрт қашан сөндірілетінін болжап айтты

Абай облысындағы өрт басталғаннан кейін тағайындалған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов БАҚ-қа кейінгі жаңалықтарды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

5890a67e-0231-4d51-b246-656636d4cfff

Фото: ТЖМ

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда дейді министр. Алайда ауа температурасы көтеріліп, жел екпіні күшейгендіктен өрттің өршу ықтималдығы бар.

«Тілсіз жауды ауыздықтау үшін үшін біз күшті жеткілікті деңгейде топтастырдық. 1,5 мыңға жуық жеке құрам: өрт сөндірушілер, орман қорғау қызметкерлері, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері тартылды. Сондай-ақ 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ жұмыс істеп тұр. Қазір өрт аумағы 43 мың гектарға жуық. 60 мыңнан астам гектарға жайылған алғашында, бірақ жеке құрам жұмыс істеп жатыр. Өрт аумағы азая бастады. Болжамдар бар, жақын күндері өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек», - деді министр.

Кеше метеожағдайдың өзгеруіне байланысты (желдің екпіні секундына 18 метрге дейін) өрт төменгі бөлікте өрбіп өрт ошағынан Талица ауылына (тұрғындар алдын ала эвакуацияланды) қарай бағыт алып, ауылды қорғауға өрт техникасы жұмылдырылған болатын. Талица ауылының шығыс жағынан далаға қарай өрбіген өрт сөндірілгені хабарланды.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале