14.06.2023, 12:45
Оқылды: 18

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында 13 медальмен жалпы есепте І орын алды

Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

f0808c0ccad8094ecc32bf481b0c3593_1280x720  

Сары құрлық чемпионатының нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынды жарыс қожайыны Таиланд алса, үздік үштікті Вьетнам түйінеді. Биылғы бәсекеде барлығы 15 ел жүлдеге қол жеткізді.

2932c4add036ef0aecff17f806115705_1280x720

Жалпы Районгта сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсті. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале