27.06.2023, 14:30
Оқылды: 28

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар тапсырды.

6549c243-34bb-4d5c-a26c-ef05f8ad8d43

«Баршаңызды бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Үздік журналистерді марапаттау шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Көпшілігіңізді сырттай танимын. Мақалаларыңызды оқып тұрамын.

2a6ac1fe-4a78-490d-b51a-7aa04f3db124

Еліміздің журналистика саласына жас мамандардың келіп жатқаны – өте жақсы үрдіс. Жазу стилі – ерекше, еркін, батыл, ұстанымы ашық тілшілер бұл кәсіпті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - деді Президент.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
- «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
- «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
- «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
- «Orda. kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
- «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;

- «Tengrinews. kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
- «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

3eefed5e-8445-4c8b-8974-d8cf0a143f4e

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
«Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;

- «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
- «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

aqorda.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале