31.07.2023, 12:00
Оқылды: 73

Әр жеңімпазға 5 млн теңге: «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығына бүгінге дейін 64 өтінім келіп түскен.

Минисртліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Үздік проза» номинациясына – 26 шығарма, «Үздік драма» – екі өтінім, «Үздік поэзия» - 21, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – бір, «Үздік әдеби аударма» - төрт, «Үздік балалар әдебиетіне» - сегіз, «Үздік комикске» - екі өтінім түскен.

576912fd-219c-4d56-95ca-c1cda302659c

Еске сала кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған.

Үміткерлердің өтінімі 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

««Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады», - деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале