21.08.2023, 10:45
Оқылды: 27

«Үздік жас оқырман» анықталып жатыр

Биыл Казталов ауданы әкімдігінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен оқушылар арасында «Мен оқыған 30 кітап» атты аудандық байқауы жарияланған болатын.

IMG20230821094243

Байқаудың жалпы мақсаты - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеттерін оқушыларға насихаттау, жас ұрпақтың ел мен жерге деген махаббатын ояту және кітаптың асыл қазына екенін түсіндіру.

Аудандағы мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатысып жатқан байқау оларды кітап оқу арқылы өз ойын еркін жеткізуін, оқуға құштарлығын ояту, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, оқырманның имиджін көтеру, оқырмандар арасында үздік көркем әдебиет туындыларын насихаттау.

Жас оқырмандар маусым, шілде, тамыз айларында кітап оқып, білімдерін шыңдайды.

Енді міне сол байқау мәресіне жетіп, қорытындылау тесті басталды.

IMG20230821101753

Жас жеткіншектердің білімін тексеріп, баға беру үшін ауданға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Парасат» орденінің иегері Дариға Мұштанова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Асантемір Қаршығаұлы, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскері Құралай Арыстанова, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Қыдыр Харесұлы арнайы келді.

Қазылар алқасы оқушылардың жаз бойы оқыған кітаптары бойынша тест алып, сұрақтарын қойып жатыр.

Оқушылар ішінен дара шыққан ең үздік оқырман ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале