Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2000-ға жуық қылмыс жасалады екен. Күн сайын кемі 6 қылмыс тіркеледі.
Жыл сайын 4 мыңнан астам бала бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізіледі, 150-ге жуық сәби қараусыз қалғандықтан, көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетеді.
«Мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесі де толастар емес. Кеше ғана Алматы облысындағы 13 жастағы жеткіншек мектептегі әлімжеттіктің себебінен өз-өзіне қолжұмсамақ болғанын естідік. Заң бар, бірақ орындалуы әлсіз», - деді депутат.