16.09.2023, 21:26
Оқылды: 66

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Теректіде

Бүгін Теректі ауданына ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қанықты.

IMG-20230916-WA0030 (1)

Ең әуелі Подстепный ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылындағы «Ringo Milk» ЖШС сүт-тауарлық фермасына табан тіреді.

IMG-20230916-WA0019

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова жүзеге асқан және жоспарланған жобалар хақында кеңінен таныстырып өтті. Тінін тарқатсақ, «Ringo Milk» ЖШС 640 бас голштин ірі қара малын алып,  жылына 6000 тонна сүт өндіру жобасын қолға алған болатын. Жобаның құны 3 млрд. 900 млн. теңге. Ал жер көлемі 2575,  егістік жері 2112 гектарды құрап отыр. Жоба жетекшісі Айдос Жақсымбетовтың айтуынша, 2022 жылы Германиядан  331 бас голштин тұқымды малды іріктеу  және сатып алу сынды шаруалар жүргізілген.

IMG-20230916-WA0014

- Биыл ферма пайдалануға берілді. Нәтижесінде 39 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда 331 бас мал әкелдік. Оның 310 малын сауып,  күн сайын «Каверин»  жеке кәсіпкерлікке өңдеу мақсатында 5,5 тонна сүт тапсырылады.  Осы жылдың қазан айында Германиядан екінші партиясын сатып  алу жұмыстарын жоспарлап отырмыз, - дейді Айдос Ибрагимұлы.  Бұл шаруашылықтағы  егістік жайына тоқталсақ,  192 гектарға қара бидай,  360 гектарға арпа, 45 гектарға сұлы, 335 гектарға  мақсары, 235 гектарға судан шөбі,  392 гектарға жүгері егілгенін айта кеткен жөн.

IMG-20230916-WA0018

Вице-министр одан әрі аталмыш ауылдағы «КТК 888» ЖШС сүт-тауарлық фермасының тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Мұнда жеке кәсіпкер Киікбай Айдаралиев құны 3 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын жобаны бастамақ. Айталық, 400 бас голштин ірі қара мал алып,  жылына 3000 тонна сүт өндіру — басты мақсат. Жоба жетекшісінің айтуынша, 2022 жылы 544 гектар жерге «Жайық Плем ЗКО»  ЖШС-нен екі жер учаскесін сатып алған. Сөйтіп, биыл нысанның іргетасын құю жұмыстары басталды.

Айшабибі Мәмет, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале