Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын хабарлайды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, олар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі