24.10.2023, 20:06
Оқылды: 92

Бөрлі ауданында Республика күніне акция өткізілді

Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Ақсай жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күні мерекесіне және Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы, қазақ сурет өнерінің көрнекті өкілі, суретші, дизайнер Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл толуына орай мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында "Туым менің –  тәуелсіздік тартуым" атты акциясы өтті.

InShot_20231024_193057427

Акция негізінде көк туымыздың шағын көшірмелері Ақсай қаласындағы қонақүйлерге, бизнес орталықтарына, жанармай құю бекеттеріне таратылды.

- Біздің қаламызда түрлі компанияларда қызмет жасайтын шетелдік азаматтар өте көп. Олар қонақүй, жанармай бекеті, бизнес орталықтарына келгенде елдігіміздің абыройы болған көк туымызды көрсе деген ниеттен туындап отыр. Акцияға қолдау білдіріп, құрметпен қарсы алғандар көп болды,- дейді "Ақсай жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Оралхан Қажкенов.

InShot_20231024_200252525

Акция өткізілген кезде аудан тұрғындары да туға құрмет жасап, мұндай игі шаралардың қажеттігін айтып жатты.

- Алдымызда үлкен мереке келе жатыр. Осы мерекемен барша азаматтарды құттықтаймын. Жастар өткізіп жатқан іс-шараны қолдаймын. Қай жерде жүрсек те еліміздің рәміздерін насихаттап, мақтаныш етіп жүрейік. Өйткені рәміздеріміз біздің тәуелсіздігіміздің символы,- дейді қала тұрғыны Ақерке.

Әбіл Мансұр,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале