16.08.2016, 10:31
Оқылды: 9

«Жастар – мәңгілік елдің ертеңі»

Жаңақала мектеп-гимназисында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған  «Жастар – мәңгілік елдің ертеңі» атты аудандық жастар конференциясы өтті. Жиынға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айзада Шүкірғалиева, аудандық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігінің жас мамандары және студенттер, оқушылар  қатысты. жастарКонференция

Алғашқы болып үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы, атқарып жатқан шаралары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы А.Айтуғанұлы баяндама жасады. Артынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Нұрманұлы сөз алып, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың атқарылған жұмыстары, негізгі бағыты мен мақсаты хақында хабар берді. Келесі кезекте аудандық «Жастар үні» ЖҚБ төрағасы Н.Миржанұлы өзі жетекшілік ететін қауымдастықтың атқарған жұмысы  туралы мәлімдеп, алға қойған жоспарлары жайлы ойымен бөлісті. Сосын «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» секілді мемлекеттік  бағдарламалардың жай-күйі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы М.Мәлікұлы қысқаша ақпар беріп, жастар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Пленарлық отырыс COFFEE BREAK-пен жалғасып, жастар секциялық отырыстарға бөлінді. Секциялық отырыстар «Жастар және бизнес», «Жастар және дін», «EXPO – 2017» бағыттарында оздырылды. Сондай-ақ, шара барысында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларына «100 нақты көмек» жобасы аясында және «Мектепке жол» акциясына орай көмек көрсетілді.

Конференцияны аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Бекетқызы қорытындылады.

Қ.Мержанқызы

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале