Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру мәселесі шешілді.
Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 миллиард 875 миллион теңге несиесі кейінге қалдырылды.
Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 миллиард теңгеге 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініші қаралып жатыр.
Одан бөлек қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді.
Процестерді автоматтандыру үшін ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.
Кредиттік демалыстарды автоматты (проактивті) түрде беру жөніндегі пилоттық жоба 2024 жылы іске қосылады. Жыл соңына дейін запасқа шығарылған адамдардың несиелік демалысын тоқтату алгоритмі сияқты, мұнда да әскерге шақыру күнінің орнына әскери қызметтен босату күні беріледі.