13.01.2024, 17:00
Оқылды: 82

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр

Қаңтар оқиғасына байланысты 1 396 адам сотталды. Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20240113-WA0033

Фото: kaz.inform.kz

«Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес мәліметтер жария етуге жатпайды. Дегенмен, аталған оқиғаға қатысқаны туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінде 1 396 тұлға, оның ішінде 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін сотталды», - делінген Бас прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның нақтылауынша, 574 адамның ішінде 12 тұлға жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылған.

«Осынау қайғылы оқиға кезінде 2 960 қару ұрланды. Оның 1 мыңнан астам табылды. Қалған қаруды іздеу жалғасып жатыр», - деп нақтылады Бас прокуратурадан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале