15.01.2024, 11:00
Оқылды: 90

Верный қамалы қалай салынды?

Патша үкіметі Іле Алатауында отаршылдық саясатын бекітіп алу мақсатында Жетісу өлкесін одан әрі игеру үшін 1854 жылдың 4 ақпанында әскери бекініс салу туралы шешім қабылдады.

тау

Қамал құрылысы сол жылдың көктемінде патша шенеунігі майор М.Перемышльскидің әскери отряды күшімен басталып кетеді.
1855 жылы жазда қамалдың алғашқы тұрғындары болып Сібір казак әскерінің казактары барлығы жанұяларымен 199 адам келіп орналасады.
Ал 1856 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, Оралдан және Сібірден орыс шаруалары келіп қоныстана бастады.
Осылайша, Верный қамалы әскери әкімшілік-территориялық бекініске айналып, оның маңына селолар мен станциялар тұрғызыла бастайды.
Айталық, 1859 жылғы санақ бойынша Верный қамалының тұрғындар саны 5 мыңға жетеді. Қамал маңайында Талғар, Есік және Қаскелең секілді жаңа селолар құрылады.
1860 жылдың басына қарай Верный бекінісі Ресей империясының оңтүстік шекарасындағы маңызды әкімшілік, сауда және әскери күші санатында қала орталығына айналдырылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале