14 жастағы қазақстандық теннисші Ева Корышева Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды zhaikpress.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Фото: ktf.kz
А тобына түскен Ақтөбе теннис мектебінің түлегі алдымен өзбекстандық Эмилия Кимді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін аустралиялық Эмили Ченнен айласын асырды – 7:5, 6:0.
Ертең Ева Корышева үндістандық Харита Ванкатешпен кездеседі.
Өткен жылы осы жарыста астаналық Альбина Кәкенова финалға дейін жеткен еді.