14.02.2024, 17:24
Оқылды: 55

Оқ пен от көрген жауынгерлер

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Кеңес Одағы 1979 жылы Ауғанстанға әскер кіргізіп, 1989 жылы 15 ақпанда соғыс болып жатқан жерді тастап шыққан. Одан бері қаншама жылды артқа тастағанымен, бұл жара халық жүрегінде өшпес сызат қалдырды. Сұрапыл соғысқа еліміздің намысты ержүрек батырлары қатысып, жас өмірін құрбан етті. Он жылға созылған соғысқа Қазақстаннан 22 мыңнан аса жауынгер қатысты. Көбі жас еді. Талай сарбаз ерлік жолында мерт болды.

Шыңғырлау аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша оқырман назарына Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай өскелең жас ұрпаққа ерлік ісімен, Отанға деген адалдығымен үлгі көрсеткен интернационалист жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, патриоттық тәрбие беру мақсатында «1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыс» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қоса «Бір көше - бір тарих» жобасы аясында аудан орталығындағы интернационалист-жауынгер Дидар Хамитовтың атындағы көшеде «Ауған асуында от кешкендер» атты тарихи танымдық сағат өтті.

427838160_1812174952527598_58318647539830702_n

«Ауғанның асуында от кешкендер» ерлік сағаты Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасында, «Ауған асуында от кешкендер» патриоттық сағат Ащысай модельді ауылдық кітапханасында «Ауған соғысы» атты тарихи альянс «Дән» ауылдық кітапханасында, «Ауғанстан - жүректегі жара» реквием кеші Амангелді ауылдық кітапханасында, «Ауғанның от жалыны» ерлік сағаты Ақсуат ауылдық кітапханасында, «Ауғанстан менің жүрегімде» поэтикалық сәт аудандық балалар кітапханасында, ауылдық кітапханаларда ұйымдастырылды.

Гүлбаршын Айжарықова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале