17.02.2024, 12:00
Оқылды: 86

БҚИТУ "Ұлттық сезім" акциясын қолдайды

Кеше қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптейтін «Ұлттық сезім» жалпыұлттық акциясына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы да үн қосты.

IMG-20240216-WA0077

Жобаның мақсаты – ата-баба дәстүрі мен тарихы арқылы ұлттық киімді дәріптеу, ұлттық брендті нығайту. Бұл күні профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар заманауи киім үлгісін ұлттық әшекей-бұйымдармен шебер үйлестіріп киіп келіп, ұлттық киімге деген құрметтерін көрсетті. Бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, оқу орнында ерекше атмосфера орнады. Ұлттық тағам түрлеріне толы дастарқан басында студенттер тағылымды әңгімеге қанықты.

IMG-20240216-WA0076

Өнерлі жастар "Домбыра party" ұйымдастырып, қазақтың ән-күйлерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ бұл күні ұлттық спорттық ойындар да ұлықталды. Оқытушылар қолдарына асық алып, мергендік жарыстырса, студенттер тоғызқұмалақтан ең мықтыны анықтады. Ұлы даланың ұмытылмас дәстүрі саналатын садақ атудан шеберлік сағаты өтті. "Ұлттық сезім" жалпыұлттық акциясы аясында белгілі этнопедагог-ғалым Клара Қожахметова атындағы этнопедагогика кабинетінде Орал қаласындағы балабақша тәрбиешілеріне арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.

IMG-20240216-WA0075

Жалпыұлттық флешмобты қолдау бағытындағы іс-шаралар университетімізде әлі де жалғасады.

Жайнар Жайдарбек,

БҚИТУ-дың баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале