15.10.2026, 17:30
Оқылды: 7

Бөрлі ауданында «Жас маман – кәсіби дамудың жаңа белесі» облыстық семинар-практикумы өтті

Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектепте Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының қолдауымен, Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас маман – кәсіби дамудың жаңа белесі» атты облыстық семинар-практикум өтті.

0282b9b5-0fba-47ec-b225-5edf3b6c7717

Семинардың негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық қызметке бейімделуіне әдістемелік қолдау көрсету және тиімді оқыту тәжірибелерін меңгерту.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының жас мамандары, тәжірибелі педагогтер мен әдіскерлер қатысып, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылап, озық тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың алғашқы бөлімі «Әдістемелік пит-стоп» аясында ұйымдастырылып, қатысушыларға педагогтердің тәжірибесінен алынған тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Атап айтқанда, тарих пәнінде «Исторический подкаст: Кадр за кадром», бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын дамытуға арналған комикстерді қолдану және жас маманның кәсіби өсу жолдары таныстырылды.

669141a5-b9aa-4855-98e0-8e6cba1ad55f

Іс-шараның «Сабақ векторы» бөлімінде мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, заманауи педагогикалық әдістерді тәжірибе жүзінде көрсетті. Ұйымдастырылған сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және білімді өмірлік жағдаяттарда қолдануға басымдық берілді.

ed0ca5de-0878-4910-aa31-a3582202e588

«Қоңырау: Креатив уақыты!» бөлімінде Ақсай қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектептің жас мамандары «Креативті ойла. Оқы. Зертте!» тақырыбында танымдық әрі шығармашылық үзіліс ұйымдастырды.

Семинардың «Шеберлік Mix» бөлімінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, Smart-сабақтарды жоспарлау, бағалау, Vibe Coding арқылы интерактивті сабақ платформаларын әзірлеу және оқушылардың пәнаралық сауаттылығын дамыту мәселелері қамтылды. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды сабақта қолдану жолдарымен танысып, тәжірибелік идеяларымен бөлісті.

14573e67-fb7f-4532-9d6a-f0481f1198fa

Семинардың қорытынды бөлімінде «Жас ұстаздар: жаңа леп, жаңа серпін» атты мюзикл ұсынылып, жас мамандардың шығармашылық әлеуеті мен ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілігі көрініс тапты. Кері байланыс барысында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, кәсіби дамуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Аталған семинар-практикум жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелік идеяларды меңгеруге және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануға мүмкіндік берді.

Жас маманның кәсіби дамуына жол ашатын осындай іс-шаралар білім сапасын арттыруға, шығармашыл педагогтерді қолдауға және білім беру жүйесіндегі жаңашылдықты дамытуға ықпал етеді.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале