15.10.2026, 10:30
Оқылды: 7

Үш дос – бір бөлім: ақтөбеліктер Ұлттық ұлан сапында бірге қызмет етуде

Ақтөбеден әскерге шақырылған үш дос Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде азаматтық борышын бірге өтеп жүр. Колледжде бірге оқыған Раймбек Абдрахманов, Ерсұлтан мен Ердәулет бүгінде бір батальон мен бір ротада қызмет атқарады.

6455c3ba-e357-4b6d-8394-ec040aa684db

Үш жас Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінде фельдшер мамандығы бойынша білім алған. Студенттік жылдары достасқан олар әскери қызметке де бірге баруды ұйғарған. Осылайша, бұрынғы сыныптас емес, бір мамандықта білім алған үш достың жолы Ұлттық ұлан қатарында қайта тоғысты.
Раймбек Абдрахмановтың айтуынша, достарды әскерге бірге бару туралы ойға әлеуметтік желілердегі осындай оқиғалар жетелеген.
– Соңғы кездері әлеуметтік желілерден әскерге бірге барған достар туралы жаңалықтарды жиі көрдім. Содан жақын достарым Ерсұлтан мен Ердәулетке бірге барайық деп ұсыныс айттым. Олар да қолдады. Нәтижесінде үшеуміз Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне бірге келдік. Қазір бір ротада, бір взводта қызмет етіп жүрміз, – дейді сарбаз.
Қазір достар әскери өмірге бейімделіп, жауынгерлік даярлық сабақтары мен жаттығуларға қатысуда. Күнделікті қызмет барысында бір-біріне қолдау көрсетіп, әскери машықтарын жетілдіруге күш салып келеді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале