26.02.2024, 10:15
Оқылды: 50

Дмитрий Попко АҚШ-та тағы бір турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Дмитрий Попко Наплес (АҚШ) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

WhatsApp Image 2024-02-26 at 04.09.35

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен чемпиондық атақ үшін сынға түсті.

Попко жуырда Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында А.Андрадені (7:5, 1:6, 7:5) ұтқан еді.

Бұл жолы эквадорлық спортшы матчты жақсы бастады – 6:3.

Андраде екінші сетте де 5:1 есебімен алға кетіп, матчқа доп берді. Бұдан кейін Дмитрий қатарынан бес геймді алды. Содан кейін тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Попко 2:0, 3:1 есебімен алға кеткенімен, басымдығын сақтай алмады – 3:3. Тағы бір брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізіп, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдаланбады. Дегенмен ойынды брейкпен тәмамдай алды – 6:4.

Тартысты өткен финалдық бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осылайша, Дмитрий Попко АҚШ-тың Флорида штатында қатарынан үш жарыстың чемпионы болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале