27.02.2024, 9:00
Оқылды: 75

Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады

Биыл ақпанның 12-сінен бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатыр, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл туралы республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлаған.

InShot_20240227_084632096

Фото: t.me/oqu_agartu

talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады. Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:

 - 3-сынып үшін «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Орыс тілі» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);

-  3, 9-11 сыныптар үшін «Неміс тілі»;
- 5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулықтары қағаз нұсқада;
- 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность» пәні бойынша электронды оқулықтар.

Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды.

Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және «түсініктеме қосу» тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале