15.06.2015, 15:17
Оқылды: 28

Сабрина – халықаралық байқаудың жеңімпазы

Janibek SAbrina    2015 жылы 26 қаңтар мен 18 ақпан аралығында республикалық  оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  оқушыларды туған өлкенің тарихын, мәдени және рухани мұрасын меңгеруге, азаматтық пен отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген  "Салют, Жеңіс!"  атты оқушылардың  оқу –зерттеу жұмыстарының сырттай халықаралық өлкетану байқауына Жәнібек ауданындағы  ЖББ Ұзынкөл орта мектебінің  9-сынып оқушысы, оқу үздігі, үздік куәлік иегері Сабрина Әділова ұстазы Күләнда Ғабдуллинаның жетекшілік етуімен қатынасқан болатын.

Он номинация бойынша  еліміздің  он алты аймағынан 750 жұмыс түсіп, 116 оқушы жас ерекшелігіне сай жүлдегер атанды. Жас өрендердің ішінде мектебіндегі "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, жаңалыққа жаны құштар оқу озаты Сабрина Әділова конкурс қорытындысы бойынша ересектер арасында  жүлделі 1-орынға ие болып, дипломмен марапатталса, Күләнда  Ғайноллақызы алғыс  хатқа ие болды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале