17.05.2024, 16:08
Оқылды: 3

Музейде ізі қалған дара тұлға

Осындай атаумен Халықаралық музей күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде еңбек және соғыс ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ұрқия Ершуриеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашылуы өтті.

WhatsApp Image 2024-05-17 at 16.22.32

Іс-шара басында Ұрқия Ибрашқызын еске алу үшін бір минут үнсіздік орнады. Одан әрі облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуанышбек Мұханғалиев қатысушыларды және музей қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтады.

WhatsApp Image 2024-05-17 at 16.22.33 (1)
Ұрқия Ибрашқызы халықтың асыл мұраларын болашақ ұрпақ үшін жинап жүруге және насихаттауға, жалпы еліміздегі музей ісін дамытуға өз үлесін қосқан. Сондай-ақ осы жолда айтарлықтай еңбек еткен. Айта кетейік, ол 1924 жылы Сырым ауданы 1-Май ауылында жарық дүниеге келген. Ең алғаш еңбек жолын 1941 жылы Тасқала ауданында мұғалім болып бастаған. Одан әрі қарай 1942-1943 жылдары Сырым ауданының оқу бөлімінде еңбек етсе, 1943 жылдан 1946 жылға дейін аудандық атқару комитетінде қызмет атқарған.

WhatsApp Image 2024-05-17 at 16.22.30

Іс-шара барысында Жәңгірхан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің экскурсоводы Айдана Ерланова музейдің дамуына үлесін қосқан Ұрқия Ершуриеваға арналған көрмені таныстырды. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұрқия Ибрашқызымен әріптес болған Сара Таңабаева және өзге де көзін көрген азаматтар еске алып, қатысушы студент-жастарға оның атқарған істерін айтып берді.

WhatsApp Image 2024-05-17 at 16.22.32 (2)

 

WhatsApp Image 2024-05-17 at 16.22.34 (1)

Аманжоли Исламғали, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале