18.05.2024, 9:05
Оқылды: 116

Жәнібек ауданы: «Фельдшер бар, бірақ ауылда болмайды»

Кеше Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязовтың халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Есептік кездесу Ақоба ауылдық округінен бастау алды.

image-17-05-24-11-20-2

Басқосуға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Асқар Сәрсенғалиев, аудандық орталық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерназар Опиев, аудандық мансап орталығының директоры Миранбек Ибатов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

image-17-05-24-11-20

Кездесуде Ақоба ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Жакин атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қысқа тоқталып, кездесуге дұрыс дайындалмай келгені үшін әкімнен ескерту алды. Аудан басшысы Тимур Серікұлы аудан бойынша жасалған жұмыстарды атап өтіп, биыл іске асатын жобаларды айтты. Жиын сұрақ-жауапқа ұласты.

image-17-05-24-11-20-1

Ақоба ауылының тұрғыны Абай Жұмақұлов мал бағып отырған тұрғындарға жайылымдық жерлерін көбейту керек. Себебі биыл конкурсқа түсетін Ақобаның жері ауылға тиіп тұр екен. Аталған жерді конкурстан алып тастауды сұрады. Сыналбек Сапиев киікті алға тартып, биыл мал азығын дайындау қиынға соғатындығын айтып, бос тұрған шабындық жерлер болса, шөп шауып алуға берілсе екен дейді. Сонымен қатар ол: «Ауылда неге жедел жәрдем жоқ?», - деген сұрағын қойды. С.Сапиевтің айтуынша, фельдшер бар, бірақ ауылда көбіне болмайды. Көбіне іссапарда жүреді екен. «Ауыл тұрғындары ауырып қалған жағдайда кімге жүгінеді?», - деп уәжін жеткізді. Тұрғындардың сұрақтарына тиісті бөлім басшылары жауап берді.

image-17-05-24-11-20-3

Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале