Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің кубогі үшін аудан орталығы – Сайқын ауылында шағын футболдан халықаралық жарыс басталды.
Бүгінгі доп додасына іргелес жатқан Ресей Федерациясының Астрахан облысы, Ахтубинск ауданы, Жоғары-Басқұншақ ауылынан екі команда, көршілеріміз Жәнібек, Жаңақала, Қазталов футболшыларымен қатар ауданымыздан екі команда қатысуда.
Р.Бақытова
Бөкей Ордасы ауданы