8 қыркүйек күні аудандық мәдени-сауық спорт клубында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және бүлдіршіндерге арналған «Егіздер шеруі» атты мерекелік шара өтті.
Аталмыш шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова сөз сөйлеп, балаларға бұндай шараның жиі өткізілгені қажет екенін айтып өтті. Сондай-ақ шара барысында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері түрлі ертегі кейіпкерлер кейпіне еніп, бүлдіршіндерге қызықты ойын-ойнатты. Шара соңында барлық кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.