Бүгін Казталов ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының хаттамасына сәйкес, Жаңажол ауылдық округіндегі жергілікті қауымдастығының ұсынысы бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі теңгеріміндегі бос тұрған үйді – тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар санатындағы Асқар Жақсыбаевтың отбасына табысталды.
Апатты тұрғын үйдің зардабын тартып келген көп балалы отбасы — мемлекеттің қамқорлығын жіті сезініп, тұрмыстық жағдайларына түсіністікпен қараған Казталов ауданы әкімдігі мен жергілікті басшыларға шынайы ризашылығын білдіріп, тұрғын үйдің кілтін табыстаған аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеевке жанұя алғысын жеткізді.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы