Бүгін Қасиетті Рамазан айына орай Казталов аудандық мәслихат депутаттары сауапты, игі іс жасады.
Әр уақыт елдің өзекті мәселесін шешіп, аудан халқының мұң-мұқтажын жоқтап, қызмет жасап жүрген азаматтар Сәрсенбай Молдашев, Сәкен Ищанов, Абылайхан Шакуов, Дулат Рахматуллин Рамазан айында ауызашарға ірі қара мал сойғызып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ет таратты.
Күні кеше ел басына күн туып, тасқын судан қауіп төнген кезде де халық қалаулылары қалыс қалмай, аудан тұрғындарымен бірге болды, аянбай еңбек етті.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz