18.04.2024, 11:49
Оқылды: 44

eGov mobile мобильді қосымшасындағы жаңа сервис азаматтарға су тасқынынан келтірілген материалдық шығынды өтеу процесін жеңілдетеді

"17 сәуір – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеуге өтініштерді қабылдауға арналған сервисті іске қосты", - деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

67c049830c3fe5dbd1ea1a91f2f58f65_1280x720

Фото: www.gov.kz

Қызмет еліміздің су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлеріндегі барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады.

Бұл қызметті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі.

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті.

Айта кету керек, егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ - ақпарат автоматты түрде есепке алынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале