9.05.2024, 9:00
Оқылды: 74

Жемқорлықсыз болашақты қалай көреді?

Сыбайлас жемқорлықтың жегі құрт тәрізді ұласпалы мәселе екендігін әр саналы адам білуге міндетті. «Ал саналы адам қалай қалыптасады?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Ой-санасы толысқан адамға қалай десеңіздер де балалық шақтағы көргендері, естігендері, үйренгендері әсер етпей қоймайды. Сондықтан болашақтың жарқын болғанын қаласақ, жастардың, әсіресе оқушылардың тәрбиесіне жіті мән берген абзал.

FB_IMG_1715190838684

Мысалы ата-анасы «қалай болсаң да, есеңді жіберме» яки «қолдан келсе, қонышыңнан бас» деген жалған желеумен өсірсе, күндердің бір күні ел қызметіне араласқан сол баланың бойынан жемқорлыққа тура келетін әрекеттер қылаң береді де тұрады. Мәселе тәрбие тал бесіктен дегенді елемеуде жатыр. Ал біздің ауданның ішкі саясат бөлімі мен кітапхана қызметкерлері адалдыққа үндейтін шаралар тізгінін дереу қолға алды десек болады.

Жуырда «Asa-RAL» ЖҚ Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі "ММ тапсырысы бойынша және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Болашақ - сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыбында онлайн сурет байқауының қорытындысы жарияланды.Маңызы орасан байқауға оқушылар бақандай қырық алты жұмыс ұсынды. Әділқазылар алқасының шешімімен қосымша үздік деп танылған жұмыстар бағаланды. Байқауға қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлібек Қаржау,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале