Қазақстанда экотуризмге сұраныс артып келеді.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бүгінде еліміз бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7 визит-орталық ұлттық парктер аумағында орналасқан. Өткен жылы Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылды.
Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтауда. Соның бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамтуға болады.